Өзін-өзі тану
«Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жайылма негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 3 - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1. «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына арналған мектепішілік салтанатты жиын өтті.
2. Адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының авторы С. А.Назарбаеваға арналған «Балаларға берілген жүрек» тақырыбында тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді.
3. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасы авторының қызметі туралы кітап көрмесін ұйымдастырдық.
4. 5-9 сыныптар арасында «Жүрек махаббатқа толы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
5. 2020 жылдың 12 ақпанында 0, 1-9 сыныптар арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат - өмірдің негізі» тақырыбында бірыңғай ашық сабақ өткізілді.