Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы

Педагогикалық қолдаудың мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдай жасау.  
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері: 
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылын күшейту; 
3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың мотивациясын арттыру.
Орталықтың жұмыс істеу принциптері: 
• ұлттық мәдениетке, құндылықтар мен дәстүрлерге сүйену; 
• гуманистік бағыттылық;  
• ата-ана тәрбиесін саралау және даралау; 
• қазіргі ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалану; 
• кең әлеуметтік әріптестік, білікті сарапшылар мен ресурстық ұйымдарды тарту.
Орталықтың қызметі ата-аналардың және балалардың басқа да заңды 
өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша құзыреттерін дамытуға бағытталған.
 05.09.2024г.1-4 сыныптардағы ата-аналар жиналысы. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы No 26 бұйрығына сәйкес);
2.Қылмыстың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ата-аналар жиналысында «Мектеп формасы» бейнеролигі көрсетілді.

 

23.09.2024гАта-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының бағдарламасы аясында ата-аналарға арналған сабақ: «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының негізі