Жеке қауіпсіздік ережелері
1-9 сынып оқушылары арасында «Көшедегі жеке қауіпсіздік ережелері» атты сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
1. Көшедегі қауіпті жағдайларды зерделеу, тәуліктің қауіпті уақыты мен қауіпті жерлер туралы білу;
2. Қылмыстық сипаттағы әртүрлі өмірлік жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
3. Өмірлік дағдыларды, көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қалыптастыру, оқушылардың бойында әр түрлі жағдайларға байланысты бағалауды, эмоционалды және адекватты жауап беру қабілетін, мәселелерді өздігінен шешуге дайын болуды қалыптастыру.
4. Аналитикалық және логикалық ойлауды, ұзақ мерзімді есте сақтауды, ауызша сөйлеуді дамыту, алған білімдерін жалпылау және қолдану дағдыларын қалыптастыру және қорытынды жасау.