Бала асырап алу улттық агенттігі
Бала асырап алу агенттігі ANA UYI қоғамдық қорының әлеуметтік маңызды жобаларының бірі болып табылады. Балалар үйлерінде, балалар үйінде жән ебасқа осыған ұқсас мекемелерде ұсталатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын азайту. Жоба қазақстандық қоғамда балаларды орналастырудың отбасылық формалары мен бала асырап алу мәдениетін дамытуға ықпалетеді. Қазақстанның 17 қаласында, оның ішінде Қостанай қаласында консультациялық кеңселер мен патронаттық мектептер жұмыс істейді. Балаларды отбасылық орналастыру мәселелері бойынша 1422 бірыңғай республикалық байланыс орталығы жұмыс істейді. Бала асырап алу агенттігінің барлық қызметтері азаматтарға ақысыз түрде ұсынылады.