Cуицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша бірыңғай облыстық мектепішілік ата-аналар қоғамдастығына арналған жиналысы.
2020 жылдың 14 ақпанында Жайылма негізгі мектебінде суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша бірыңғай облыстық мектепішілік ата-аналар қоғамдастығына арналған жиналысы өтті. Бұл жиналысқа 9 ата- ана, мектеп әкімшілігі, 5-9 сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.
Мақсаты: өз балаларына ата-аналар назарын аудару, ата-аналармен бірігіп жанұядағы баланың орны қайда екенін талқылау және суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша көмек көрсету.
Міндеттері:
- жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері, белгілері және табиғаты туралы ата-аналардың білімдерін кеңейту.
- Өз баласымен жақсы қарым-қатынаста болу және оны бағалау туралы ойланудың мүмкіндігін беру.
- Жасөспірімнің жеке басын құрметтеуге және оның проблемаларын түсінуге тәрбиелеу..
- Ата-аналарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерімен таныстыру .
- Ата-аналарда зорлық-зомбылықтың проблемасы туралы түсінік қалыптастыру.
Жиналыс тақырыбы бойынша мектеп педагог- психологы сөйледі:
1. Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын-алу :
Теориялық бөлім
Берілген статистика – Қостанай облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицид оқиғаларының статистикасы:
2017 жылы Костанай облысында 43 суицидтік оқиға жасалды : 10аяқталған суицид және 33әрекеттері.
2018 жылы – 50 оқиға: 12аяқталған и 38 әрекеттері. 2019жылы 9 айда 35 оқиға: 11аяқталған и 24 әрекеттері.
Жасалынған суицид оқиғаларының негізгі себептері, ең алдымен, отбасылық жанжалдар:
- анамен жанжал;
- жауапсыз махаббат;
- жан- жағымен қақтығыстар;
- өзін-өзі өлтірудің себептері кейбір жағдайдағы жетістіктерге жетпеу;
- көптеген себептер әлі анықталған жоқ.
Жас мөлшері бойынша 70% - 15-17 жастағы жасөспірімдер, жынысы бойынша 2018 жылы: 66% суицидтік оқиғалар – қыздар арасында, 34% - жас өспірім жігіттер; 2019 жылы: 66% - қыздар арасында; 34% - жас өспірім жігіттер. Әлеуметтік статус бойынша: 60% суицидті оқиға – толыққанды отбасының балалары. Осы фактілер бойынша ойланайық.
2. Суицидтік ойлардың болуын көрсететін мінез-құлық ерекшеліктері
• шамадан тыс белсенділіктің пайда болуы немесе, керісінше,қоршаған ортаға немқұрайдылық;
• мектепте қабілетсіздіктің пайда болуы, сабаққа қатыспау; оқуға деген қызығушылығының жоқтығы;
• икемнің жоқтығының пайда болуы және өздеріне қамқорлық жасағысы келмеуі;
• бұрын болмаған ұйқының және тәбетінің бұзылулары.
3. Егер қауіпті жағдайды сезсе ата аналар не істеуі керек?
Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың өмірі мен денсаулығы - бұл үлкен құндылық !!!
4. Ата-аналарға арналған суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша ұсыныстар, оны Қостанай облысының «Психологиялық қолдау және қосымша білім берудің аймақтық орталығы» дайындады (парақшалар, жадынамалар)
Тәжірибелік бөлім.
5. «Баланың өмірін сақтау үшін ...» жаттығуы.
6. «Балаға жедел жәрдем» жаттығуы.
7. « Бос микрофон» жаттығғу.
Рефлексия
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу:
Теориялық бөлім.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясы барлық балаларды зиянды және қатыгездіктің барлық түрлерінен қорғау құқығын қамтамасыз етеді, жағдайлардың алдын алу, анықтау, хабарлау, жолдау және тергеу, сондай-ақ емдеу және қадағалау жүйелерін құруды мемлекет зардап шеккен балаларға қатысты қамтамасыз етуі қажет.
Барлық балаларға қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, дамыту, тәрбиелеу және білім беру, оларды зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтан қорғаумен қамтамасыз ету кез-келген мемлекет үшін әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Балаларға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық ақталмайды, кез келген зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.
1. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі себебі.
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері.
3. Ата-аналарға балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша ұсыныстар.
Тәжірибелік бөлім
Жаттығу «Миға шабуыл»
Жаттығу «Менің жанұям»
4. Видеороликтер қарау.
Жалпы, жиналыс жұмысы тартымды әрі қызықты өтті. Жиналыста берілген ақпарат ата-аналар үшін қажетті және пайдалы болды.