«Мен -ОФФЛАЙН» акциясының өткізгені туралы ақпарат

«Мен -ОФФЛАЙН» акциясының өткізгені туралы ақпарат

27қаңтарда мектебімізде «Мен -ОФФЛАЙН»акциясы өтті. Әрине, балаларға телефоннан бас тарту оңай болған жоқ, себебі балалардың көп уақытын интернет желісінде өткізетіндігі ешкімге де құпия емес. Бірақ сайыстарға, эстафета және жарыстарға қатысу кездерінде олар телефон жайлы ұмытып та кетті. «Көңілді ойындар»эстафетасы өте қызықты өтті, шаңғы жарыстары, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ жарыстары өтті. Жоғары сынып кеңесінің дайындаған «Алло, таланттыларды іздейміз» атты байқауы дайындықсыз, көңілден шықпады, бірақ оған қарамастан білім алушылар биледі, ән айтты. Акцияны қорыта келгенде балаларға интернет желісінен басқа да көптеген қызықты, пайдалы іс шаралар бар екенін көрсете білдік. Іс шара өзінің мақсатына жетті.