Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған облыстық диктант

14.10.2020 жылы мектебіміздің пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатыспайды) Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған облыстық диктантқа қатысты. Ұйымдастырушы - «Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинеті.
  Мақсаты: Қазақ әліпбиін насихаттау, жазу дағдыларын қалыптастыру; мұғалімдердің назарын ақынның «мәңгілік» тақырыптардағы адамгершілік-философиялық толғаныстарына - патриотизмге, сүйіспеншілікке, тәрбиеге аудару.
      Диктанттарды өткізудің дәстүрлі ережелеріне сәйкес қатысушылар мәтіннің аудиожазбасын тыңдап, жазады.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған шаралардың бірі - бүгінгі диктант. Біз осы іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.