Кітап -асыл қазына


Біздің мектептің оқушылары «Қостанай дарыны» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген ауылдық жерлердегі орта мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында өткен «Кітап - асыл қазына» классикалық әдебиеттерді оқудың облыстық байқауына қатысты. Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романы оқуға ұсынылды. Ұсынылған тестілер жұмыстың барлық мазмұнын ең ұсақ бөлшектеріне дейін қамтыды. Сондықтан олар қатысушылар үшін қызықты әрі қиын болып шықты. Осыған қарамастан 7-сынып оқушысы Қуаныш Дариға үшінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұл байқау балаларды мұқият оқуға, бөлшектерге назар аударуға үйретті, есте сақтау қабілетін нығайтты