Мейірімділік күнін өткізу туралы ақпарат

Мейірімділік күнін өткізу туралы ақпарат 

Жайылма негізгі мектебінің жас ұландары мейірімділік күнінің «Құстарға қыста тамақ сал» акциясына белсене қатысты. Балалар үйлерінен жем, тары, арпа,әртүрлі жармалар алып келді. Пластмасса бөтелкелерінен құстарға тамақ салатын ыдыстар дайындады. Дайындалған ыдыстарды мектеп ауласы мен ауыл аймақтарына ағаш бастарына ілді. Қыста құстарды тамақтандырыңыздар деген парақшалар таратылды.

Сонымен қатар мектеп белсенділері «Кітап ауруханасы» акциясына қатысты. Мектеп кітапханашысына кітаптарды жөндеуге көмектесті. Кітаптарды жөндеуге үлкен жауапкершілікпен қарады: жыртылған беттерді желімдеді, қарындашпен жазылған жерлерін өшіргішпен өшірді,қайырылған беттерді түзеді.

20 дан астам кітап қалыпқа келтірілді.