Тұңғыш Президент күні

Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуының тарихи оқиғаларымен танысу , Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы маңызды рөлін ашу, Президентімізге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз елінің тарихын білетін және құрметтейтін азамат пен патриот қалыптастыру мақсатында, мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздіктің жеті қыры»  атты сынып сағаттары өтті. 

Сабақ барысында оқушылардың назарына Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдері, тағдырлы шешімдер қабылдау тарихы туралы деректі фильмдер ұсынылды.
«Ғасырдың керемет азаматы» кітап көрмесі, «Менің Қазақстаным! Менің Тұңғыш Президентім »суреттер байқауы ұйымдастырылды