Қазақстан Республикасында балалар құқығын сақталуы туралы саулнама

13.10.2020 жылы мектеп оқушылары Қазақстан Республикасында балалар құқығының сақталуы туралы сауалнамадан өтті. Сауалнаманы « Зор рух» жеке қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша социологиялық зерттеу шеңберінде жүргізді, оның мақсаты баланың білім алуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға, мәдени өмірге қатысу және т.б. негізгі құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу болып табылады. Сауалнамаға 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысты.